Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай бәйге өтеді

0
330

Астана қаласында Мемлекеттік рәміздер күніне орай бәйге түрлерінен Қазақстан Республикасының турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Сайыстың ұйымдастырушылары – Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорт түрлерінің федерациясы. Бәйгенің «Құнан», «Жорға», «Топ» және «Аламан» түрлерінен еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан бағы мен бабы келіскен шын жүйріктер сынға түседі. Жарыстың жүлде қоры 20 млн теңгені кұрайды. Дода 4 маусым күні сағат 12:00-де «Қазанат» атшабарында (Қарқаралы тас жолы, 1 мекенжайында, №303, 323 автобустар қатынайды) басталады. Кіру тегін.