Ауғанстан: Лаңкестік ұйым жетекшісі өлтірілді

0
991

KAZISLAM – Ауғанстан қауіпсіздік күштері елдің солтүстік-батысындағы Фарьяб провинциясында «Өзбекстан ислам қозғалысы» халықаралық лаңкестік ұйымының жетекшісі Азиз Юлдаштың көзін жойды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан, Ауғанстан Ислам Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Өзбекстан ислам қозғалысының»*  басшысы Азиз Юлдаш өлтірілді. Оның ұлы Хикмат Фарьяб провинциясының Гормач аймағында Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік күштерінің әрекеті нәтижесінде жарақат алады. Азиз Юлдаш солтүстік провинциялардағы ауғандықтарды жаппай қыруға және лаңкестік шабуылдарға қатысқан», — делінген ведомствоның Twitter-дегі хабарламасында.

Ағымдағы жылдың шілде айында Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі Мәскеудегі, Новосібір және Краснояр өлкесіндегі қауіпсіздік күштері «Өзбекстан ислам қозғалысының»* аймақаралық құрылымының қызметін тоқтатқанын, оның басшылары мен қарапайым қатысушыларының ішінен 22 адам ұсталды. Олар террористік қылмыстарды жасауға шақырды. Рекруттерді жалдады және соғыс аймақтарына жіберген Сириядағы лаңкестерді қаржыландырған.

Арнайы операцияны ФҚҚ Ішкі істер министрлігі мен Росгвардия қатысуымен өткізді.

*«Өзбекстан ислам қозғалысы» — ҚР-да тыйым салынған