ШЫМКЕНТ: «Балаларға базарлық» шарасы ұйымдастырылды (ФОТО)

0
1410

Бүгін,  1-маусым балаларды  қорғау  күніне орай  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы  орталық мешіті мен  қалалық «Жастар» секторы  «Балаларға базарлық»   атты мерекелік шарасын ұйымдастырды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Жастар» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков,  қалалық «Зекет» қорының өкілі  Айбек Азимбаев, «Қажылық» бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікермұлы және Абай, Әл-Фараби, Қаратау және Еңбекші аудан бас имамдарын қатысып, үлес қосты.   

Өздеріңізге белгілі,  Сovid-2019 жұқпалы індетіне байланысты карантин талаптарына сәйкес  Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов жас бүлдіршіндерді айтулы мерекесімен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас  мүфти  Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің ыстық сәлемін, ақ батасын жеткізді.

Айта кетсек, шара аясында 60 бүлдіршінге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің балалары мен немерелеріне  «Балаларға базарлық» қоржыны таратылды.