Шымкент: «Саламатты ұрпақ» футбол турнирі өтті

0
347
dav

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі Жастар ісі секторы Шымкент Жастар ресурстары орталығымен бірлесіп отырып «Саламатты ұрпақ» атты кіші футбол турнирін ұйымдастырды.

«Бұл жолғы турнирдың орны бөлек. Себебі турнир тағдырдың жазмышымен сотты болған төрт ауданға қарасты пробация бөлімінде тіркеуде тұрған жастардың басын қосып, оларға имандылық һәм адамгершілік, еңбекке және өмірге бейімдеу т.б асыл қасиеттерді сіңіру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табады» деді ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков.