ШЫМКЕНТ: «Айтбай ата» мешіті 40 отбасыға көмек берді

0
1303

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы, Абай ауданы «Айтбай ата» мешітінің ұйытқы болуымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Айтулы шара  барысында Абай аудандық мешіттің бас имамы Бердалы Жәшім қатысып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының атынан сәлем айтып, мерекемен құттықтады.

 Қайырымдылық шара барысында  көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандардың үйлерін аралап, тұрмыс жағдайын біліп, жалпы көмекке мұқтаж 40 отбасыға азық-түлік (ұн, май, қант, шәй, макарон, күріш, түрлі тәттілер,  т.б.) берілді. 

Өз кезегінде, әрдайым мұқтаждың мұңын бөлісіп, қолдау көрсетіп ұйымдастырып жүрген Шымкент қаласы, Абай ауданы  «Айтбай ата» мешітінің бас имамы Есалы Тәжібаевқа алғыс айтып, өміріне және қызметіне береке тіледі.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі