Е. Нүкежанов: Желідегі радикалды топтарға тіркелген қазақстандықтар саны 44%-ға азайды

0
948

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алқа отырысында Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов сөз сөйлеп, 2020 жылғы дін саласындағы жұмыс нәтижелері және ағымдағы жылы ведомствоның алдына қойылған міндеттері туралы хабарлады.

Е. Нүкежанов Комитет қызметінің стратегиялық бағыттары, ең алдымен, ел дамуының зайырлылық қағидаттарын нығайту, үйлесімді конфессияаралық қатынастарды қамтамасыз ету және халық арасында діни экстремизм идеологиясының таралуына қарсы іс-қимыл болып табылатынын атап өтті.

Бұл бағыттар 2020 жылдың соңында қабылданған дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарында көрсетілген. Оның шеңберінде елдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, 2020 жылы діни қызмет саласындағы 7 мемлекеттік қызметтің 6-ы электрондық форматқа ауыстырылды. Енді оларды egov.kz порталында алуға болады. 2021 жылы осы саладағы барлық мемлекеттік қызметтерді 100% автоматтандыруды қамтамасыз ету жоспарлануда.