Тәжікстан коронавирусты толық жеңгеннен кейін мешіттерін ашты

0
762

Тәжікстанда коронавируспен күресте толық жеңіске жеткеннен кейін 1 ақпанда мешіттерінің есігін айқара ашты. Айта кетейік, құлшылық үйлері 9 ай бұрын, яғни 2020 жылдың сәуір айында жабылғалы бері ашылмаған болатын.

Соңғы 3 аптада Тәжікстанда бірде-бір коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелген жоқ.

Мешіттер ашылар алдында толықтай дезинфекция жүргізіліп, кілемге мұсылмандар арасында қауіпсіз қашықтық белгілері  қойылды, деп хабарлайды IslamNews.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Тәжікстанда пандемия кезінде 90 адам коронавирустан қайтыс болды.