«HALAL GUIDE» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

0
851

Еліміздің қай аймағында болсаңыз да, сізге халал өнімді табуға көмектесетін «Halal Guide» мобильді қосымшасы іске қосылды.

Бұдан былай «ҚМДБ халал» өнімдер тізімін андройд платформасына арналған мобильді қосымша арқылы жеңіл іздеп, таба аласыздар!

Халық сұранысы бойынша жасалған «Халал Даму» сайтының андройд платформасына арналған «HALAL GUIDE» қосымшасының негізгі миссиясы – «ҚМДБ халал» өнімдерді жершарының кез-келген нүктесінде іздеп-табуды қолжетімді ету. Халалға жанашыр кәсіби мамандардың ұзақмерзімді ізденісі нәтижесінде жасалған қосымшасының басты артықшылықтары:

Біріншіден, кез-келген өнімнің «ҚМДБ халалдан» сертификаттаудан өткен-өтпегендігін жылдам тексеру мүмкіндігі.

Екіншіден, дүкенге барғанда өнім қаптамасында көрсетілген «Е тағамдық қоспалардың» рұқсат етілген, рұқсат етілмеген, күмәнді түрлерін лезде анықтаудың қолжетімділігі.

Үшіншіден, өз аймағыңыздағы сертификатталған «ет дүкендері» мен «қоғамдық тамақтану орындарын» іздеп табудың жеңілдетілуі. Алдағы уақытта мешіт карталарын қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар, IOS платформаларына арналған мобильді қосымшасы дайындалып жатқандығын, жақын арада іске қосылатындығын ескертеміз.

«Halal Guide» қосымшасында көрсетілген деректер «www.halaldamu.kz» сайтында көрсетілген ресми ақпараттар негізінде жасалғандығын, әрдайым жаңартылып отыратындығын және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына тиесілі «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымының ресми қосымшасы екендігін хабарлаймыз!

Қосымшасын орнату үшін, мына сілтеме бойынша жүктеуге болады https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.halaldamu.myapplication