Атырау: Облыс әкімінің орынбасары телеарна жұмысымен танысты

0
723

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова ҚМДБ-ның «Халық арна» телеарнасының жергілікті филиалы жұмысымен танысты.

Орталық «Иманғали» мешіті жанынан қызметін бастаған филиал жұмысы туралы Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы баяндады. Қазіргі уақытта төрт блоктан тұратын студияда жаңалықтар, уағыз-насихат, сұхбаттар түсірілуде. Алда арнайы бағдарламалық жобалар дайындау да жоспарда бар.

Облыс әкімінің орынбасары Бақтыгүл Хаменова діни, рухани ағартушылық бағыттағы контентті күшейтудің маңызды екендігін атап өтті.