Хоккейден конфессияаралық турнир өтеді

0
685

20-21 ақпан күндері Татарстанда алғаш рет шайбалы хоккейден «Кубок Дружбы — Дуслык» деген атаумен бүкілресейлік турнир өтеді, деп хабарлайды Татарстан діни басқармасының баспасөз қызметі.

Жарыс екі алаңда өтпек. Олардың бірі – Қазандағы «Баско» спорт сарайында және ежелгі Раифа Богородицкий ерлер монастырының жанынан салынған ашық аспан астындағы алаң.

Бұл турнирді өткізудегі мақсат: хоккейді халықтың барлық жастағы адамдары арасында танымал ету, республикадағы түрлі конфессиялар арасындағы бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайту және осы іс-шараны Қазан епархиясы мен Татарстан мұсылмандары діни басқармасының, сондай-ақ, бүкіл Татарстанның өміріндегі жарқын оқиғаға айналдыру.

Турнирге Қазан, Уфа командалары қатысады, олардың құрамына әртүрлі діни конфессиялардың ойыншылары кіреді.