Шымкент: Рухани кеш Құранға арналды

0
692

Шымкент қаласындағы «Айқап» мешітінде қалалық Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Құран әліппесін оқып бітірген шәкірттерге арналған «Ғаламның нұры – Құран» құттықтау кеші өтті.

Рухани кешті ҚМДБ Шымкент қалалық Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Асылханқызы ашып, қаланың бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының құттықтау сөзін жеткізді.

Кеште әуелі Құран оқылып, артынан Құран оқудың ерекшеліктері айтылды. Сонымен қатар иләһи әндер айтылып, «Құран мен әліппенің әңгімесі» атты көрініс және Құран жайлы өлең жолдары оқылды. Кеш соңында шәкірттерге сыйлықтар беріліп, бастарына тәж кигізілді.