Түркияда ұсталған террорист — қазақстандықтың кім екені айтылды

0
529

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жақында Түркияда ұсталған қазақстандық жайлы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

19 ақпанда Түркияда ДАИШ (ИГ *) террористік ұйымының іздеуде болған бірден бір мүшесі — қазақстандықтың ұсталғаны белгілі болды.

ҰҚК редакция жолдлаған ресми сауалға жауап берді.

Аты-жөні — Самат Аманбекұлы, Атырау облысының тумасы. Ер адам 2015 жылдан бері іздеуде болып саналады. Ол қазір Түркияда қамауда. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылуда. Қазіргі кезде халықаралық іздеуде жүрген, террористік әрекеттерге қатысқан және шетелде жасырынған Қазақстанның 40 азаматы бар, делінген ҰҚК хабарламасында.

Қазақстанда тыйым салынған ұйым