Шымкент: «Qamqor-Sharapat» орталығы ашылды

0
427

Шымкент қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының өкілдігі ашылды.

Салтанатты шара қала әкімдігінің қолауымен Шымкент қаласы «Жастар Ресурстық орталығында» өтіп, оған өкілдіктің бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, наиб имам, ЖАНТ маманы Мұсабек Ақтамберді, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, «Халал Даму» бөлімінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев,  іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, «Әйел қыздар» секторының мүшелері және Абай, әл-Фараби,  Еңбекші және Қаратау аудандық мешіттерінің имамдары қатысты.

«Qamqor-Sharapat» орталығы өкілдігінің жетекшісі болып көп жылдық тәжірибесі бар білікті маман  «А.Қаттани» мешітінің іс басқарушысы Сержан Мақсұтов бекітілді.

Сондай-ақ шара барысында бас имам Бақдәулет Абдрахманов аталмыш орталықтың мәні мен мақсаты жөнінде айтып, бөлімнің жұмысын насихаттап, толықтырып, жетілдіру бойынша  нақты тапсырмалар жүктеді.