НАҚТЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА

0
342

«Қазіргі таңда 48 тапсырманың 9 -ы орындалды. 39 тапсырма жұмыс барысында. Оның ішінде 35 тапсырма жыл соңына дейін толығымен орындалады. Қалған төрт тапсырма 2023 жылы толығымен орындалады деп жоспарлануда»,-деді аудан әкімі.Атап айтқанда «Қаратөбе» аумағында орналасқан емханаларға тұрғындарды тіркеу жұмыстары жүргізілді. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен Тоғыс тұрғын алабында орналасқан 2 трансформатор қоршалып, 7 электр бағаналары ауыстырылды. Мұнайбарлаушылар көшесінде орналасқан ойын алаңшасы жарықтандыруға қажетті 6 бағаналар орнатылды. Маятас т/а Көлді көшесі бойына 7 дана, Елтай т/а Найзатас көшесі бойына 6 дана , Жыланбұзған тұрғын алабындағы Қарақыстақ көшесі бойына 3 дана, Айнатас т/а орталық Айнатас көшесі бойына 4 дана қажетті жол белгілері мен аялдама павильондары орнатылды. Сонымен бірге «Қазығұрт» аумағының дамуы туралы төлқұжаты әзірленіп, «Қазығұрт» аумағы бойынша санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты бақылауға алынды. Күнделікті «НұрОлжа» ЖШС-і тарапынан аптасына 2 рет тиісті жұмыстар жүргізілуде. Базарқақпа, Абдуллабад және Тұрдыабад елді – мекендердегі 3000 үйге бекітілген лимит шегінде ( 16 млн м3) ағын су берілуде. Елтай мен Тоғыс елді мекеніне 4G технологиясымен базалық станция орнатылып сапалы интернетпен қамтылды. «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен Қарабастау тұрғын алабында бүгінде 100% тұрғын үй электр қуатына қосылды.