Шымкент: Мешіт ауласына ағаш отырғызылды

0
778

Наурыз мерекесі күні Шымкент қаласындағы орналасқан «әл-Муслим» мешітінде «Ағаш – ел дәулеті, жер сәулеті» ағаш көшетін отырғызу шарасы өтті.

Игі шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың тапсырмасы аясында қолға алынды. Іс-шараға мешіт имамдары мен мешіт белсенді жастары қатысып, ағаш көшетін отырғызды.

Жалпы ағаш көшетін отырғызу шарасы мешіттер мен өзге де орында үш ай бойы жалғасады.