ШЫМКЕНТ: ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 4000-НАН АСА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТТЫ

0
660

Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетовтің тапсырмасы бойынша полиция қызметкерлері демалыс күні халық жиі шоғырланатын орындарда және көлік жүргізушілеріне бетперде таратты.

Тәртіп сақшылары кезекті рет игі шараның барысында тұрғындарға қауіпті індетпен күресу барысында санитарлық ережелерді ұстанып, сақтық шараларын қолға алу маңызды екендігі түсіндірілді.

Полицейлер арнайы «I love Shymkent» жазуы бар бетперделерді шаһардың негізгі көшелері мен азаматтар жиі шоғырланатын орындарда таратты. Сондай-ақ тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушілерін тоқтатып оларға да бетперде берді. Бірлескен шара барасында полиция тарапынан 4000-нан астам бетперде таратылды.

Шымкент қаласы Полиция депаратаментінің қызметкерлері сақтық шараларын барша қала тұрғындарын қатаң сақтауға шақырады. Өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыз.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі