700 отбасыға қайырымдылық жасалды

0
345

Бүгін,  қасиетті Рамазан айының екінші күні Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жалғасуда.

Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаевтар қатысып, үлестірді.

«Қасиетті Рамазан айының екінші күні кәсіпкерердің қолдауымен жалғасып тауап эстафета түрінде 700-ден астам мұқтаж отбасыларға ауызашар орнына азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» себеті таратылады. Бұл игі бастама жалғасын табады», —  деді Мұхамеджан Естеміров. 

Еске сала кетсек,  қайырымдылық 5 орында белгіленді.  Атап айтқанда; «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе»,   «әл-Біләл» мешіттері. Қолдау көрсеткен азаматтарға Алла риза болсын!