Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Ораловтың төрағалығымен ҚР АҚДМ жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Үйлестіру кеңесінің онлайн-отырысына республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері мен өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері және басқалар қатысты.Кеңес төрағасы Асхат Оралов, орталық мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдары арасындағы өзара іс-қимыл мен тұрақты диалогтың маңыздылығын атап өтті.2020 жылғы жастар және отбасы саласындағы жұмыстың негізгі нәтижелері және 2021 жылға арналған өзекті міндеттер туралы Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов айтып берді. Қатысушылар отырыс жұмысының барысында «Жастарды дамыту индексі» ұғымына ерекше тоқталды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев осыы жылдың 15 қаңтарында өткен ҚР Парламентінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстанда әлемдік тәжірибеге сәйкес жастардың даму индексін енгізуді ұсынған болатын.
Соңғы жазбалар
2024 ЖЫЛҒЫ ҚАЖЫЛЫҚ МАУСЫМЫНЫҢ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Қажылық-2024» маусымына қатысты Сауд Арабия Королдігі Қажылық және ұмра министрлігінің жаңа талаптары жайлы қажылық және ұмра сапарымен айналысып...
Дін және әйел
Дін және әйел– қазіргі кезде барша елде қызу талқыланып жүрген тақырып. Себебі, дін адамзат құндылықтарын сақтап, байытуды көздейді. Ал оны бұрмалай...
ШЫМЕНТТЕ ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ІСКЕРЛІК ЖИЫН ӨТТІ
Бүгін Шымкент қаласында YPO Forum Shymkent үшінші бизнес-форумы өтті. Жаңа жағдайдағы бизнес мүмкіндіктерін қарастыруға арналған форумға қала әкімі Мұрат Әйтенов және...
Сотталғандармен өткен сындарлы кездесу
Бүгін Маңғыстау облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесіндегі діни экстремизм және терроризм баптарымен сотталғандар арасында «Діни радикалдану...
Ғаламтордан дұрыс ақпарат алу әр адамның міндеті
ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялар мен ғаламтор заманы десек қателеспейміз. Себебі, бүгінгі күнде қоғамның барлық саласы, адамдардың әлеуметтік өмірі де ғаламтормен...