9000-ҒА ЖУЫҚ АДАМҒА «АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ

0
642

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры қасиетті Рамазан айының алғашқы күндерінде республика бойынша 9000-ға жуық ораза ұстаушыға «Ауызашар қоржынын» таратты.

Сондай-ақ «Берекелі Рамазан сыйы» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 1500-ге жуық азық-түлік себеті және 72 отбасыға ет таратылды. Бұдан бөлек «Қолдан қолға» жобасы боыйнша 9 отбасыға қаржылай көмек жасалынып, «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында баспанасы жоқ 1 отбасыға пәтер табыстап, мұқтаж жандарды қуантты.

Сауапты іс-шараларға қатысқан мешіт жамағаты мен белсенді еріктілерге алғыс айтып, ризашылық білдіреміз! Ұстаған оразаларыңыз, жасаған құлшылықтарыңыз, берген садақаларыңызды Алла Тағала қабыл етсін!