Дінаралық диалогқа қосқан үлес үшін жаңа марапаттар тағайындалады

0
176

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 489 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын «Ашық НҚА» порталына орналастырғаны туралы хабарлайды. Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады. Жоба мына сілтеме бойынша қолжетімді https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14642446