ДҰРЫС ПЕН БҰРЫС…

0
785

Тура дінге келу – дұрыс. Ал адасу және адастыру – бұрыс.

Дін атын жамылып бұрмалайтын топтар аз емес. Бұқараның басым көпшілігіне шынайы шариғат жетпей жатқанын қойған сауалдарынан аңғаруға болады.

Алла Тағала қасиетті Құранда дініне жабысып, бөлінбеуге бұйырған. Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа (солләл-лаһу ъалейхи уәс сәлләм) діннен бірнәрсе демес бұрын, ілім алу керектігін ескерткен.

Дінді тек ілім иелерінен үйренуге бұйырылғанбыз. Дін білімі ер мен әйелге бірдей парыз етілгенін еске саламыз.

Түлкібас ауданының бас имамы “Қазақстан-Шымкент” телеарнасында деструктивті ағымдардың бұрыс, Ханафи мәзһабын ұстанушылардың әрекетінің дұрыстығы жайында сұхбат берді. Мағаз Серік жат ағымдарды жою мен адаспаудың жолы діни сауат ашып алуда екенін айтты.

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа (солләл-лаһу ъалейхи уәс сәлләм) күрестің бірі – дін насихаты екенін ескерткен. Телеарна басшылығына ризашылығымызды білдіреміз.