Бейбітшілік – діннің басты миссиясы

0
120

Дін — қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланыс үздіксіз дамып отырады. Діннің қоғамдағы ең үлкен миссиясының бірі – бейбітшілік, қоғам тұрақтылығы мен тыныштығын сақтау болып табылады.

Адам баласы өмірге келіп, ақыл есі толыққан соң өзінің қоғамдағы орнын білу, қоршаған ортасын түсіну үшін өз-өзіне философиялық сұрақтарды қоя бастайтыны анық. Ал бұл сәтте еріксіз дінге жүгінетіні хақ. Кез-келген дін, мейлі ол Ислам болсын, мейлі Христан немесе өзеге де діндер болсын адам баласына бір Жаратушының бар екендігін, онымен байланыс орнатуымен қатар, адамзатты ізгілікке, жақсылық пен құндылықтар шақырады. Дегенмен, қоғамда белгілі бір саяси, экономикалық мүдделерге жету мақсатында дінді жамыла отырып, оны теріс пайдаланатын топтар бар екендігі белгілі.

Олар бастапқыда діннің қоғамға ұсынар құндылықтарын алға тарта отырып, адамдарды өз діни иднологиясына тарта бастайды. Кейін біртіндеп дінді бұрмалай отырып, өзінің мүддесіне қарай қолданады. Мұның салдары бір-бірімен біте қайнасып отырған қоғамды бөлшектеп, қарама-қайшы пікірлерді тудырады. Сол арқылы қоғамдағы бейбітшілік пен тыныштыққа кері әсерін тигізеді. Мұндай оқиғалардың соңынан қоғамда дінге деген теріс көз-қарас қалыптасту ықтималдылығы туындайды.  

Жоғары да айтып өткеніміздей шынайы діннің, оның ішінде Ислам дінінің қоғамда атқарар функциясы адамдарды тек жақсылыққа шақыру.  Қазақ тарихында да дәстүрлі Ислам дінінің орны ерекше. Дін мен қазақтың салт-дәстүрі біте қайнасып, үлкен мәдениет болып қалыптасты. Ата-бабаларымыз ұрпақтарына дінді жай ғана күнделікті қоғамда пайдаланатын салт пен дәстүрмен ақ сіңдіре білді. Сол бабаларымыздан қалған дінді  ұстанып, салт пен дәстүрді жалғастыра отырып, еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап отырмыз.

Әлеуметтанушы ғалым Э.Дюркгеймнің дін жайлы білдірген пікірін еске салсақ. Ол дәстүрлі дін – қоғамның өзара қатынастарын одан әрі күшейтеді. Адамдардың бір біріне деген мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін ашуына ықпал жасайды деп діннің қоғамдағы атқарар негізгі міндетін көрсетеді.

Қорыта айтқанда шынайы дәстүрлі діндердің адамзат баласына төндірер еш зияны жоқ. Керісінше, адамдардың бір біріне деген сүйспеншілігін, мейірімділігін оятып, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты насихаттайды. Адамның бойындағы ізгі қасиеттерін аша отырып, адамгершілікке үндейді.

Б.Жүнісов

Шымкент қаласының дін істері

басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу

орталығының» әлеуметтанушысы