Түркістан: Бас имам жаңа мешіттің құрылысымен танысты

0
131

Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов Кентауда қала және Сауран ауданының имам-молдаларына Ихсан ілімі бойынша дәріс оқыды. ҚМДБ 7 бағыты мен концептуалды құжаттардың мазмұны түсіндірілді.

Сондай-ақ, аудан-қала имамдарымен жиналыс өтіп, күн тәртібінде жаңадан құрылған Сауран ауданына берілетін мешіттердің саны белгіленді. Бұған дейін Кентау қаласының қарамағында болған 50 мешіттің 38-і Сауранға ауыстырылды.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов Қарнақ ауылында салынып жатқан зәулім мешіттің құрылысымен танысты. Алланың үйін ауыл азаматтары өз күштерімен 3 жылдан бері көтеріп келеді. 5 күмбезді мешітте бір мезгілде 3 мың адам мінәжат ете алады. Көпшіліктің көмегімен салынып жатқандықтан, құрылыстың аяқталатын уақыты белгісіз.