ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

0
696

Бүгін Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов Нұрсәт тұрғын алабындағы көп қабатты үйлер аумағын кезекті рет аралап, орналасқан қоқыс алаңшаларының жағдайына қатысты мердігер мекемеге ескерту жасады.

Аудан басшысы тез арада аталған қоқыс контейнерлерін жаңартуды және мүмкіндікке қарай қоқыс алаңшасын қоршау, дезинфекциялау жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттігін айтты.

Сонымен бірге, Абзал Шымкентбайұлы көп қабатты үйлер аумағындағы шағын кәсіпкерлік нысандарының иелеріне қасбеттерді ретке келтіріп, атқарылған жұмыстарды аудандық кәсіпкерлік бөліміне баяндауды тапсырды.

Еске сала кетейік, аудан әкімі А.Әліқұлов қала әкімі тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта да жоспарға сәйкес ауданның өзекті мәселелерін ретке келтіру жұмыстарын қадағалау мақсатында, барлық елдімекендерге аралау жұмыстарын жүргізетін болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі