“Діни бірлестіктер клубы” жұмысының аясында қала аумағында орналасқан діни бірлестіктердің жетекшілерімен кездесу өтті

0
257

Шымкент қаласының дін істері басқармасы “Діни бірлестіктер клубы” жұмысының аясында қала аумағында орналасқан діни бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында, мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер бірлесе отырып, іске асырылатын іс-шаралар жоспары талқыланды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысындағы карантин мерзімі кезіндегі діни объектілердің қызметіне қатысты тармақтарға шолу жасалды.