«Жусан» операцясы — бұл толық гуманитарлық сарынмен ұйым-дастырылған шара. Мұның сәтті өтуіне еліміздің бірқатар құзырлы мекемелері, өзге де шет елдер және әлемдік деңгейдегі ұйымдар атсалысқан. Бұл бастаманы Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған және 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Жалпы, «Жусан» операциясы аясында елге оралғандар мен елге жеткізілген өзге азаматтар экстремистік іс-қимылдар тұрғысынан жан-жақты тексерілу үстінде. Елге оралғандарды біріктіретін ортақ нәрсе елге деген сағыныш және істеген әрекеттері үшін өкініш сезімі. Қақтығыс аймақтарына шыққан Қазақстан азаматтары мұндай ойсыз қадамға террористердің теріс, шындығында, жалған үгіт-насихатының ықпалымен барғанын естен шығармау қажет.

Әйел азаматтар Сирия жерінде жақсы өмір армандап барып, соңы қайғылы соғыстармен аяқталғанын, ауылдың лебі ескен «Жусан» иісін армандап елге оралған азаматтар өткенді өкінішпен еске алады.

Осы тұста,өзінің есімін көрсетпеуді өтінген «Б» деген азаматшаның өкініші мен сағынышын айта кетсек.

Ол 2019 жылы «Жусан» операциясымен елге оралған. Алғаш Атырау қаласында оңалту орталығында болған. Мұнан соң Шымкент қаласына келіп, «Шанс» оңалту орталығының көмегімен құжаттарының барлығын қайта жасатқан. Балаларын метепке беріп, кішкентайларын бала бақша мен мектепке орналастырған.

Бұл азамтшаның ұлты қазақ. 3 қыздың анасы. 2007 жылы Шымкент қаласына Түркістан облысы, Жетісай ауданынан көшіп келген. Саудамен айналысқан. Дін жолына ағасы арқылы келіп, солардың айтуымен діни жоралғыларды үйренген. 2011 жылы Әбілхайыр атты азаматпен некелесіп, 2012 жылы Каир қаласына оқуға бірге кеткен. 2013 жылы Сирияға жолдасының үгіттеуімен кеткен. Сирияға барғаннан кейін 2 айдан соң жолдасы қақтығыс аймағында қайтыс болған. 2015 жылы Алмаз атты жігітпен екінші рет тұрмыс құрған. 2019 жылдың соңында «Жусан» операциясы арқылы отбасымен елге оралған.

«Б» есімді азаматша қазіргі таңда азық-түлік сататын дүкен ашып өз ісін дөңгелетуде. Көзсіз сәләфизмнің өмірін ойран еткен салдарын айтып, тәубеге келіп бұл жолдың теріс және адасушы жол екенін шындап түсінді. «Мен енді қайта қателескім келмейді-дейді ол көзіне жас алып. Сирия жеріндегі қиыншылықтарды еске алсам жүрегім түршігеді».

«Жусан» операциясымен елге оралған отандасымыз тілшілерге сұхбат берген кезде: «Мен Қазақстан мемлекетінің, өз Президентімнің, өз халқымның алдында қарыздармын. Елімнің маған жасаған жақсылығын қайтаратын, ризашылығымды жеткiзетiн күн де туар. Біз Отанымызды сатып кеттік. «Өзiң кеттiң, ендi не істесең де, өзiң бiл» деп бiздi Сирияда қалдыруға да болатын еді. Бірақ далаға тастамады. Біз Сириядан кетіп бара жатқанда өзге мемлекеттердің боданда қалған азаматтары: «Президенттеріңе айтып барыңдаршы, Қазақстанға бiздi де алып кетсiн!» деп жылап қалды. Себебi басқа мемлекеттер ДАИШ халықаралық террористік ұйымының құрамында болған өз азаматтарын елге қайтарудан бас тартып отыр» деп істеген ісі үшін қатты өкінетінін, туған топыраққа жететін жер жоқ екенін айтып өткенге өкінумен болды.

«Қазақстанға келгелі көп нәрсенің қадірін білдім. Тіпті, қарапайым ғана еркіндік, тыныш ұйқы мен бір тілім нанның өзі қандай қадірлі. Сондықтан жастарды адаспауға, өз елінің қадірін білуге шақырамын. Қайда жүрсең де, кім болсаң да сен тек өз еліңе ғана керексің.

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас-
демекші, өз елімнің қадірін ұқтым»,-деді ол тағы да тебіреніп.

Тыныштық Байманова,
ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *