Өскемен: Шәкірттер «Ислам мәдениеті» мұражайын аралады

0
501

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Тарихқа тағзым» акциясын бастады. Акция барысында жазғы демалыста аймақ басшысының бастамасымен «Халифа Алтай» мешітінде ашылған «Ислам мәдениеті» музейін оқушыларға таныстыру көзделіп отыр.

Акция аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің «Зере Ана» орталығының шәкірттері осы мешіттегі ашылған «Ислам мәдениеті» мұражайымен танысты. Оларды ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің Әйел-қыздар секторының ұстаздары қарсы алып, мұражайды аралатты.

Оқушыларға әр жәдігерден туралы толық түсінік берілді. Мешіт қызметкері «Мұражайымызда Ислам тарихымен қатар сонау сақ, ғұн дәуірінен бастап ұлтымыздың тарихынан мол мағлұмат беретін жәдігерлер бар» деп, осы жәдігерлердің ұлт тарихындағы орнына тоқталды.

Мұражайды аралаған шәкірттер ерекше әсер алды. Оқушылар Құранның және көне жазбалардың заманауи электронды нұсқасымен танысты.