Көп әйел алуды заңдастыру керек пе?

0
442

Қырғызстанда көп әйел алуды заңдастыру мәселесі тағы да көтерілді. Бұл жолы Бішкектің қалалық кеңесіне кіруге талпынып жүрген «Келечек-Будущее» партиясының атынан үміткер Нәзира Әбдіқайымова «біздің партия некенің осы формасын заңдастыруды қолдайды» деп мәлімдеме жасады.

«Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік проблемаларға байланысты қазір заңсыз некелер мен некесіз туған балалар көп. Бұл біздің ұлтымыз үшін үлкен қасірет. «Келечек-Будущее» партиясы көп әйел алуды заңдастыру арқылы еліміздегі әлеуметтік, экономикалық проблемаларды шешуді дұрыс деп есептейді», – деді ол.

Оның қарсыластары Орталық сайлау комиссиясына шағым түсіріп жатыр. Бәсекелес партиялардың бірі Қырғызстанның Қылмыстық кодексі көп әйел алуға тыйым салатынын айтты. Алайда, іс жүзінде Қырғызстанда да, көршілес мемлекеттерде де көп әйел алу тәжірибесі бар.

Әбдіқайымованы қолдағандар қасиетті Құранның көп әйел алуға рұқсат беретінін, сондықтан заңды айналып өту үшін діни неке қиып, бірақ ресми заңды некеге тұрмауға болатынын айтады.

Көршілес елде бұл мәселеге қатысты талас-тартыс басылар емес.