Орал: Құрбан айтқа дайындық пысықталды

0
503

Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Құралбайұлының төрағалығымен өкілдікке қарасты мешіттердегі қайырымдылыққа жауапты имамдарға арналған жиын өтті.

Жиында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Құрбан айт мерекесін ұйымдастыруға қатысты берген тапсырмаларының негізінде, мерекеге қатысты діни рәсімдерді жоғары деңгейде өткізу, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру және өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, жамағаттың қауіпсіздігі үшін құрбандық шалуға тапсырыстарды онлайн ұйымдастыру мәселесі талқыланды.