Зайырлылық адамның рухани дамуына кедергі жасамай ма?

0
670

Сұрақ: Зайырлылық адамның рухани дамуына кедергі жасамай ма?

Жауап: Негізінде «зайырлы» сөзінің түбірі араб тіліндегі «заһирун» сөзімен байланысты, яғни «анық, айқын, ашық, сыртқы» деген мағынаны береді. Алайда, көп азаматтар «зайырлылық» сөзін батыс елдерінен келген «лаицизм», «секуляризм», «светскость» ұғымдарының баламасы ретінде түсініп, дінге қысымшылық жасайтын жүйе деп таниды.

Қолымызда бар нақты ақпараттарға сүйенсек, бүгінде елімізде 13 діни оқу орны жұмыс істейді. Олардағы оқушылардың жалпы саны 3 мың 381 адамды құрайды. Оның ішінде 11-і – ислам бағытында: бұлар – Нұр-Мүбарак университеті, 5 медресе-колледж, 4 медресе, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы имамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі Ислам институты.

Былтырғы жылы елде 18 дін-конфессия атынан 3 мың 816 діни бірлестік ресми тіркелді. Тарата айтсақ, оның 2 мың 680-і – мұсылмандардың, 342-сі – православтардың, 86-сы – католиктердің, 595-і – протестанттардың, 7-уі – иудейлердің, 2-уі – буддистердің бірлестігі.

Қазіргі таңда намаз бөлмелерін санамағанда мешіт саны 2716-дан асты. Бұл зайырлы қоғамда адамның дініне, сеніміне қысымшылық жасалмайтынына айғақ. Қазақстан сияқты поликонфессионалды қоғамда халықтың бірлікте, татулық пен ынтымақта өмір сүруіне дін исламның қосып отырған үлесі айрықша. Адамның рухани дамуына, иманды һәм инабатты болып-болмауына құқытық жүйе азамттың өз ықтиярына салады.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ