Шығыс Азиядағы ең көне Құран

0
703

Қытайдың оңтүстік-шығыс аймағындағы Цзецзы мешітінде Шығыс Азиядағы ең көне Құран сақтаулы тұр. Бұл мешіт Сюнхуа-Салар автономды округының Санланбахай ауылында орналасқан. Мамандардың пікірінше, Құран қолжазбасы 8-13 ғасырларға жатады. Осы өңірді мекен ететін салар атты түркі тайпасы оны 800 жылдай бұрын Орта Азиядан алып келген. 2007 жылы Қытай үкіметі қолжазбаны реставрация жасауға қаражат бөлген. 2009 жылы ол ұлттық мұраның құнды жәдігерлері тізіміне енгізілді. Сол жылы Цзецзы мешітінде музей жасақталып, Құран температурасы мен ылғалдылығы қолайлы әйнек ыдыстың ішіне салынды.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Шығыс Азиядағы ең көне Құран | Қазақстандағы Ислам