ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелеріндегі теолог, психолог мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында оқу семинары өткізілді

0
588

ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/2,3,4,10,11 түзеу мекемелеріндегі теолог, психолог мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында оқу семинары өткізілді. Аталған семинарда Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәсілелерін зерттеу орталығы» КММ теологтары, «ҚМДБ» Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің имамдары, «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы ҚК мамандары «Зайырлылық танымды қалыптастыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты тақырыпта лекцияларын оқыды. Жеке құрам қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар берілді. Бұл іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Оқу семинарында үздік мамандарға Шымкент қаласы дін істері басқармасы басшысының тарапынан алғыс хаттары табысталды.