Ақтөбе: Бірнеше кәсіпорынға халал сертификаты табысталды

0
486

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен «Халал Дамудың» аймақтағы жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов халал стандарт талаптарына сай деп танылған бірқатар кәсіпорынға «QMDB HALAL» сертификатын табыс етті.

Атап айтқанда, «Рамазан» ЖШС-ның жұмыртқа өнімі мен «Kish-mish» кафесіне халал сертификаты берілді. Сонымен қатар «MY BRO» ет дүкені «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатын жаңартты.

ҚМДБ-ның «Халал» сертификаты барша мұсылман қауымының сенімін арқалайтын құжат болғандықтан, «Халал Даму» тарапынан кәсіпорындар мен мекемелерді тексеру барысында кәсіпорынның қызметі, тағам өнімдерінің құрамы халал стандарты талаптарына сай болуына, құжаттарының дұрыстығы үнемі қадағаланып, тексеріліп отыруына аса мән беретіндігі туралы бақылаушы-инспектор Жарасхан Әбдісаламов сертификат табыстау барысында атап өтті.