ҚҰРАН ЖАРЫСЫНЫҢ ІРІКТЕУ САЙЫСЫ ӨТТІ

0
690

Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х Республикалық Құран жарысының іріктеу сайысы болып өтті.

Аталмыш шараны Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров ашып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізіп,  сәттілік тіледі.

Құран жарысының іріктеу сайысына қазылық еткендер – «Ықылас» қарилар орталығының үстазы Кәмілжан қари Юлдашұлы,   Шымкент орталық мешіттінің найб имамы Мейірбек қари Сәрсенбаев, «Әл-Біләл» мешітіні жанындағы Құран жаттау орталығының ұстазы Абдусамат қари Әшімжан және Шымкент  орталық мешіттің ұстазы Нұрсұлтан қари Мәмедалиев.  Айтулы шараны орталық мешіт жанындағы ДСАК шәкірті жас қари  Исламали  Біржанұлы Құран оқуымен басталды. Жарысқа 40 қари үміткер қатысты. Құран жарысы 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда:

Мәнерлап оқу бойынша:

І  орын –  Әмір Асылжан
ІІ орын – Азамат Ерболұлы
ІІІ орын –  Ғалешев Жалғас Берікұлы

10- пара бойынша:

І  орын – Абдукаюмов Садриддин
ІІ орын  – Қасым Русихан
ІІІ орын  –  Абдукадиров Ғиёсжон

20- пара бойынша:

І  орын – Юсуф Илашұлы
ІІ орын  – Жалалуддин Сарварханұлы         

30- пара бойынша:

І  орын – Жалиев АлибекІ
І орын  – Расулов Ғұламжан
ІІІ орын  –  Бахтияров Абдулазиз

Ал қалған жарысқа қатысушы қариларымызға ынталандыру ретінде алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар үлестірілді. Айтулы шараның бас демеушісі  «NDC group»  компаниясына алғыс айтамыз.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі