Шымкент: 1000 оқушыға мектеп құралдарын сыйлады

0
584

ҚМДБ-ның Шымкент қалалық өкілдігі және шаһар әкімдігінің ұйытқы болуымен «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев пен қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық мешітінің имамдары қатысып, ізгі іс жасады.

Мектеп оқушыларына сөмкесі мен қажетті оқу құралдары (дәптерлер, қалам, сызғыш, циркуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, суретдәптер, қалам ұштағыш, желім т.б.) сыйға берілді.

Қайырымдылық шарасы аясында жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын, яғни 1000 оқушыға үлестірілді. Барлық оқу құралдары мен сөмкелерінкарантинге байланысты оқушылардың үйлеріне жеткізілді. Игі шара тамыз айының соңына дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық мешіттеріде жалғасады.