Екпе

0
480

Қазір интернет кеңістігі мен ел арасындағы екпеге байланысты пікірлерлер алуан түрлі. Біреуі екпенің зиянын есептесе, енді бірі пайдасын тізбектеп әлек, ал енді біреулері осы пікірдің қай жағын таңдауын білмей дал болып жүр. Бір қызығы екпеге мүлде бас ауыртпай «жұмыр басты пендеге бір өлім» деп еркін жүргендер де табылады. Бір сөзбен айтқанда «әр кәлләда бір қиялдың» кері. Дегенмен екпе жайлы да дұрыс зерттеу жүргізіп, орта жолды ұстану саналы адамның амалы.

Біздің Конституциядағы сияқты исламда да ең құнды нәрсе – адам өмірі. Ислам адам өмірін сақтауға, оны қорғауға әмір етеді. Сондықтан да Алла тағала адам денсаулығына зиян келтіретін нәрселерді арам етіп, пайдалы дүниелерді адал қылған. Ал енді түрлі дерттердің алдын алатын вакцинацияға келер болсақ, шариғатта бұған қарсы анық тиым салынбаған. Керісінше, дін ислам адам денсаулығын қорғау мақсатында кез келген дертке қарсы күресуге шақырады.

Біз мұнда екпені салдырыңыз яки салдырмаңыз деген біржақты пікір айтқалы отырғанымыз жоқ. Мақсатымыз кез келген мәселеде «жеті рет өлшеп бір рет кес» деп ақиқатқа жетудің жолын көрсеткен бабаларымыздың ұстанымына иек арту. Ендеше екпе мәселесінде мына жайттарды анықтап көз жеткізіп алсақ, орта жолдан айнымағанымыз деп білеміз.

1.Ең алдымен екпе жайлы осы саладағы білікті мамандардың пікірі қандай? Даттаушылар мен жақтаушы мамандардың басымдығы қай жақта? Өйткені мамандардан өзгелердің пікіріне жүгіну надандықтың белгісі;

2.Бұл екпенің негізінде саяси, экономикалық мүдделер мен мақсаттар тұрған жоқ па? Мұнда да саяси, экономикалық тұрғыдағы білікті мамандардың пікірі өте маңызды.

Осыған орай, екпенің адам денсаулығына кері әсері жоқтығын, вируспен күреске жүз пайыз қауқарлы екенін, аурудың алдын алуға көмектесетінін медицина ғылымының мамандары құптап, мұнда ешқандай да саяси ойынның жоқтығын тиісті мамандар растаған жағдайда ондай екпені кезек күттірмей салдырған жөн.

«Ақниет» ҚҚ Шымкент қаласының өкілдігінің бпсшысы Д.Оспанов