ДІНИ ОҢАЛТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ АЙТЫЛДЫ

0
673

Ақмола облысының Ақкөл қаласында «Діни оңалтудың әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы семинар өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев және осы бөлімнің маманы Нұрбек Рахманқұл, Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит және аудан-қала имамдары қатысты.

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит өңірдегі діни ахуалға шолу жасай келіп, дін адамдарының бір сәт те босаңсуға болмайтынын айтты.

«Айналаға қарасақ пандемияның зардабын тартқан елді көреміз. Бұл кесел ешкімге оңай соғып тұрған жоқ. Алайда дін насихаты да жандануы тиіс. Ең бастысы, қарапайым адамдар діни сауатты болып, ненің ақ, ненің қара екенінің байыбына бара алуы керек. Ол үшін мешіттерде насихат жұмысы сапалы қолға алынғаны жөн» деді Қуаныш қажы Сәбит.

Семинарда өңірдің барша имамдары алдында ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев пен бөлімнің маманы Нұрбек Рахманқұл дәріс оқып, діни оңалтудың жай-жапсарын жеткізді. Аудан-қала имамдары семинардан мол мағлұмат алып, қоғамымызды толғандырған мәселелерді қаузады.

Басқосу соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.