Ордалы жылан

0
842

Соңғы он жылда деструктивті идеяны таратудың да, онымен күрестің де сипаты өзгерді. Экстремистер «интернет менеджментін» меңгеріп, адамды түрлі амалмен арбауда. Цифрлық жүйедегі тұзаққа түсіп қалғандардың бірі Маңғыстаулық жерлесіміз — Нұрадин. Жақында түрмеден шыққан 24 жастағы жігіт қазір ақиқат пен аңыздың аражігін ажырата алады. Өмірлік ұстанымы да өзгерген.