Отбасы күніне арналды

0
877

Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында отбасы күніне байланысты салтанатты басқосу болып өтті. Онда сөз сөйлеген Шымкент қаласы дін істері басқармасының басшысы Әлжан Әлішерұлы Тұяқбаев бұл мерекенің Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес елімізде 2013 жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтіліп келе жатқанын, биыл бұл мереке 12 қыркүйекке сәйкес келіп отырғанын, отбасы мен балаларды қорғау мемлекет саясатының басты басымдықтарының бірі екенін және бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жуырдағы Жолдауында да айырықша маңыз берілгенін атап өтті. Мұнан соң мекемедегі озаттар қатарынан көрініп жүрген бір топ отбасы мүшелеріне басқарманың Алғыс хатын табыс етті. Марапат алғандардың арасында мекеме директоры Б.Амангелдиев, директордың орынбасары А.Атымтаева, бөлім басшылары А.Оралбаев, Қ,Таутаев, әлеуметтанушы Б.Жүнісов,маман Н.Тойшиев, тағы басқалары болды.