Экстремистік топтың жоғары басшысы тұтқындалған

0
578

Ливия премьер -министрі Абдель Хамид Дбейба сейсенбі күні Ливия қауіпсіздік қызметі «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының жоғары басшысын тұтқындағанын хабарлады , деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

 «Біріккен жұмыс тобы ИМ* басшысы Имбарек әл-Харемиді тұтқындады»,-деп жазды ол Twitter-де.

Ливияның Бас прокуратурасы И. әл-Хареми ел астанасы Триполиден оңтүстік-шығысқа қарай 180 км қашықтықта орналасқан Бани-Валид қаласында қолға түскенін хабарлады.

И.әл-Хареми Бани-Валид маңындағы қауіпсіздік қызметі мен әскердің бақылау-өткізу бекетінде болған бірнеше жарылыстарға жауапты, делінген агенттік хабарламасында.

Ол сондай-ақ 2016 жылы Ливияның батысындағы Злитен қаласындағы, кем дегенде 67 адамның өмірін қиған, әскери оқу -жаттығу лагерінде жанкештінің жарылысына қатысы бар, делінген хабарламада.