«ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ТАНЫМ ЖӘНЕ КЕРЕҒАР ДІНИ АҒЫМ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

0
117

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы  дін істері басқармасы мен  Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесі «Зайырлылық таным және кереғар діни ағым» семинары өтті.

Семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов, Шымкент қаласы дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, Заңгер-исламтанушы, PhD Ермек Бекбосынов, ҚМДБ РАНТ мүшесі Нұрсұлтан Мамедалиев және дінтанушы мамандар мен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық мешіттерінің имамдары қатысты.

Айтулы  шарада  Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы діни оңалту бағыты оның ішінде жат ағымдардармен алдын алу туралы хабарлама жасады. Және белгілі Заңгер-исламтанушы, PhD Ермек Бекбосынов пен ҚМДБ РАНТ мүшесі Нұрсұлтан Мамедалиевтер арнайы дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісті.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған басқосу соңында барлық қатысушыларға сертификат табыс етті. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі