Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Сәуле мөлтек ауданында орналасқан «Сәуле» мешітінде, Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ның оңалту жұмыстары және діни психологиялық қолдау бөлімінің басшысы, теолог  Айдос Уралбаев жұма намазына жиналған жергілікті тұрғындарға «Деструктивті діни ағымдарының қоғамға тигізер зардаптары» атты тақырыпта жалпы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында деструктивті діни ағымдардың қоғамға және дәстүрлі исламға тигізер зардаптары, ұлттық құндылықтармен біте қайнасқан дінімізбен дәстүрлі емес діндердің ерекшеліктері мен белгілері түсіндірілді. Экстремистік идеологиясын насихаттаушы уағызшылардың құрбанына айналудың негізгі себептері, теріс ағымның жетегінде кетпеу жолдары айқындалды. Сөз соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *