ШЫМКЕНТ: ЖАҢА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ (ФОТО)

0
2156

Бүгін, ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында ҚМДБ-ның Шымкент  орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қорының тартуы ретінде Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауыл әкімдігі, Ерман ата ауылында  жаңа көпір ел игілігіне берілді.

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің арнайы құттықтау сәлемін жеткізіп,  ауыл тұрғындарын құттықтады.

Айтулы шараға  қала бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, бас имам кеңесшісі Бекайдар Әміре, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, Абай аудандық мешітттің бас имамы Бердалы Жәміш, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов, Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Берік Қалдаров  және  қалалық «Зекет» қорның өкілі Айбек Азимбаев, «Мырзақұл ата» мешітінің бас имамы Уалихан Шиндаулиев, ауыл ақсақалдары Калмиддин Шамсуддинов, Дауылбай Қоңырбайұлы, Рамазан Құлтөреев, т.б. қатысты.

Жалпы,   Мақтаарал ауданына мелмекет басшысының үлкен қолдауы көрсетеліп келеді. Соның ішінде, өткен жылы осы  27 шақырымды құрайтын «Қоңырат» каналында жаңғырту мақсатында ғасырлық құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Осы канал бойында орналасқан Ерман ата ауылының 450-ден астам отбасы мүшелерінің «Мырзақұл ата» мешітіне келіп,  құлшылық жасау үшін 12 метрлік шағын көпір пайдалануға берілді. 

Жаңа көпірдің ашылуы елді мекен тұрғындары мешітке келуіне өте ыңғайлы болғанын және осы игі шараның бастамашысы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына ризалықтарын білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі