Бүгін, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласының Дін істері басқармасы және Сарын Қоғамдық Қайырымдылық Қорының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай діни конфессия өкілдері арасында спартакиада өз мәресіне жетті.
Бір айға созылған спартакиада нәтижесі бойынша ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің «Ақмешіт» командасы бас жүлдегі жеңіп алды.
Марапттау шарасына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың атынан қалалық дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев т,б, азаматтар қатысып, бас жүлдені «Ақмешіт» командасының жетекшісі — Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдрахмановқа табыстады.
Игі шара, «Аламан» спорт кешеніндегі сайысқа қаладағы діни бірлестіктерден және басқармадан 10 команда қатысты. Атап айтқанда, футбол, үстел теннисі және шахмат бойынша тартысты бәсекелер өтті. Сондай-ақ, барлық қатысушылар ұйымдастырушылар атынан Алғыс хатқа ие болып, жеңімпаздарға құнды сыйлықтар табысталды. Жарыс толықтай медициналық қызметкердің қатысуымен және карантиндік сақтық шараларын сақтай отырып, өткізіледі.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *