Павлодар: 600 балаға қуаныш сыйлады

0
153

Жыл сайынғы дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны биыл да жалғасын тауып, игі шараға ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігіне қарасты «Зекет және қайырымдылық қоры» мамандары және қала, аудан, ауыл мешіттері өз мүмкіндіктерінше үлес қосты.

Қасиетті жұма қарсаңында жүргізілген сауапты шарада орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қанат Қабдыкәрімұлы жас ұрпақ өкілдеріне келе жатқан жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, еліміздің болашақ тірегі болатын ұландар болып өсуіне тілектестігін білдірді.

Жалпы шара аясында қала, аудан мешіттерінің ұйымдастыруы арқылы көп балалы және жалғызбасты аналар, өтініш жасаған отбасыларға көмек қолы созылып, Павлодар облысы бойынша барлығы 600 балаға мектеп сөмкесі мен оқу жабдықтары үлестірілді. Атап айтар болсақ, «Мәшһүр Жүсіп» орталық -120, қалалық «Бижан» мешіті-13, «Ақмешіт» мешіті-50, «Әбу Бәкір Сыддық» мешіті-10, «Ғазиз» мешіті-10, «Ар Рахман» мешіті-10, «Жетекші» мешіті-9, «Қасым» қажы мешіті-13, «Умар әл-Фаруқ»-15, Аққулы ауданы-30, Ақсу қаласы-85, Шарбақты ауданы-20, Екібастұз қаласы-120, Железин ауданы-15, Ертіс
ауданы-5, Ақтоғай ауданы-10, Тереңкөл ауданы мешіті- 5, Успен ауданы -10, Май ауданы-20, Баянауыл ауданы-30 балаға «Мектепке жол» акциясы аясында оқушылар сумкасы мен оқу құралдарын тарту етті.