Орталық арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

0
32

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар басқармасына қарасты « Ақпараттық коммуникациялық орталығы» КММ директоры Заңғар Усупахметов Нышанбекұлы келіп, Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Амангелдиев Балталы Шәжалиұлымен бірлесіп, екі орталық арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға сәйкес, орталықтар діни ахуалды зерттеп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өзара тәжірибе алмасып және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру саласында бірлесе жұмыс атқаратын болады.
Әріптестікті нығайту мақсатында өткен кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен қызметті нығайтудың негізгі тұстарын белгілеп, өзара ынтымақтастық шеңберін анықтады.