СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
513

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы Жастар ісі секторы және қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы Политехникалық колледжі студенттерімен «Мақал-мәтел айтудан білім сайысы » атты игі шара өтті.

Игі шарада Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасы аясында қолға алынған шарада  қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков  сөз сөйлеп, жастарға насихат айтты.

Сайысқа қатысқан барлық студенттерге алғыс хат беріліп, ал жеңімпаз студенттерге сыйлықтар табыс етілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі