Шымкент қаласында РАТТ өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шаралар туралы мәлімет

0
555

Шымкент қаласының дін істері басқармасы, 2021 жылдың 22 қазанда Қазақстан Республикасының АКДМ Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нукежановпен бекітілген «Шымкент қаласында 2021 жылдың      26-27 қазан аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру  және өткізу жобасын іске асыру» жоспарының орындалуы бойынша төмендегіні хабарлайды.

Шымкент қаласында 2021 жылдың 26-27 қазан аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру  және өткізу жобасын іске асыру жоспарының орындалуы мақсатында Республикалық Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, яғни: Б.Мырзаев – «Рухани құндылықтарды қолдау» қоры басшысының кеңесшісі, PhD докторы; Ш.Әділбаева – «Нұр-Мұбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің  «Исламтану» кафедрасының доценті, қауымдастырылған профессор,  PhD докторы; И.Мұхан — «Нұр-Мұбарак» Египет  ислам мәдениеті университетінің  оқутышысы және М.Иманбаев — «Рухани құндылықтарды қолдау» қорының сарапшысы, саясаттану ғылымының кандидаты жұмысты жүргізді.  

Қазақстан Республикасының дін саласындағы уәкілетті орган болып табылатын  Дін істері комитетінің төрағасымен бекітілген Жоспарына сәйкес, Шымкент қаласының дін істері басқармасының қолдауымен, бекітілген жұмыс жоспары шеңберінде 2021 жылдың 26-27 қазан күндері аралығында қаладағы бірқатар мекемелерде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары өткізілді. Осы шараларға колледждер, университеттің мұғалімдері, студенттері, қаладағы мешіттер жамағаты, ауылдық елді-мекендердің тұрғындары және басқа да қоғамдық институттардың мамандары мен өкілдері, «Жусан» жобасы бойынша елге оралған әйелдер, және т.б. қатысты.

Түсіндіру жұмыстары Жоспарын орындау мақсатында 17 іс-шара өткізіліп, жалпы 250 азаматтардан астам қатысты. Кездесулер барысында, өңірдегі діни ахуадың тұрақтылығын сақтау, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, теріс ағымдардың ықпалына түсіп қалмау және дін мен ғылымның өзара байланысы туралы тақырыптары қамтылды.

Сонымен қатар, жұмыстарды атқару барысында, ақпаратты-түсіндіру кездесулерге қатысқан азаматтар мен азаматшалары тарапынан тиісті сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

Аталған іс-шара қала тұрғындары мен бекітілген мақсатты топтарының арасында тиісті оң нәтижесіне жетті.