«Өз дініңе берік бол, өзге дінді құрмет тұт»

0
378

Шымкент қаласының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай,  Шымкент қаласында тұратын әртүрлі этнос өкілдері арасында өткен «Өз дініңе берік бол, өзге дінді құрмет тұт» атты байқаудың қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Бұл жоба қала аумағында өмір сүріп жатқан этнос өкілдері арасындағы татулық пен келісімді нығайту мақсатында қалалық деңгейде өткізіліп жатқан іс-шара болып табылады.

Жоба аясында этнос өкілдері өздерінің ұлты мен отбасы шежіресін, дәстүрлерін ашып көрсететін екі минуттық бейнебаяндарды байқауға қатысу ретінде өтінім берген болатын.

Байқаудың нәтижесі ретінде этнос өкілдері тарапынан белсенді қатысушыларға арнайы дипломдар мен құнды сыйлықтар табыс етілді.