НАЙБ МҮФТИ ШӘКІРТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

0
504

Шымкент қаласына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, Найб мүфти Кенжеәлі қажы  Мырзабаев ресми іссапармен келген болатын.

Сапар аясында бірнеше шараларға қатысты. ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмыстарының бірі һәм бірегейі – діни оқу-ағарту саласы болып саналады. Осы сала бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Ықылас» қарилар дайындау орталығында болып, тыныс-тіршілігімен танысты.       

Кездесу барасында Шымкент қаласмының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы мен «Ықылас» қарилар дайындау орталығының директоры Ықылас Майлан атқарып отырған жұмыстарын таныстырып, қысқаша баян етті.

Сондай-ақ, кездесу аясында найб мүфти Кенжеәлі қажы  Мырзабаев шәкірттерге тәлім-тәрбие, білім үйнену, ата-ананы құрметтеу сынды насихатын жеткізді. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі